• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Қазақстанның бастамасымен ЕАЭО-да автомобильдерді құрастыру орны туралы ақпаратқа қолжетімділік оңайлатылған 14.02.2017

Атап өтейік, Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) электрондық автопаспорттар жүйелерінің жұмыс істеу тәртібіне тиісті өзгерістер енгізілген. Автомобильдерді құрастыру орны туралы ақпаратқа қолжетімділікті оңайлату туралы шешім Еуразиялық экономикалық комиссия алқасында қабылданған.

«Қабылданған өзгерістерді Қазақстан ұсынды, ол одақтың көптеген ірі автоөндірушілерінде, әдетте, одақтың әр түрлі елдеріндегі бірнеше құрастыру зауыттары бар екеніне сүйенді, ал тұтынушы үшін машинаның қайда құрастырылғаны: Қазақстанда, Ресейде, басқа мүше мемлекетте немесе, Германияда не Қытайда құрастырылғаны маңызды рөл атқарады», – делінген комиссия хабарламасында.

Бұдан бөлек, Өндіруші ұйымдардың бірыңғай тізілімін қалыптастыру және жүргізу тәртібіне қабылданған өзгерістер құрастыру зауыттарына электрондық автопаспорттарды тікелей ресімдеуге мүмкіндік береді. Бұл рәсімді жылдамдатып, оңайлатады, демек, ЕАЭО елдерінде бизнесті жүргізу шарттарын жақсартады. 


Back to the list