• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Павлодар облысы мен ЕАЭО елдері арасындағы тауар айналымы 915,3 млн долларды құрады 14.01.2017

Өзара сауда құрылымында экспорт басым болды және 56,3%-ды құрады (облыстан 515,7 млн. АҚШ долларына тең тауар шығарылды), импорттың үлесі 43,7%-ды құрады (облысқа әкелінген тауарлардың көлемі 399,6 млн. АҚШ долларына тең).

 2017 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша тіркелген заңды тұлғалардың саны 13621 бірлікті құрады, оның ішінде 10055 – жұмыс істейтіндер. Жұмыспен қамтылғандар саны 100 адамға дейін 13300 кәсіпорын тіркелді. Жұмыс істейтін заңды тұлғалар арасында 96,8% (9734) шағын кәсіпорын құрады.  

2016 жылғы тұтыну бағасының индексі 108,3%, азық-түлік тауарларының бағасы 109,5%-ды, азық-түлік емес тауарлары – 109,3%-ды, ақылы қызметтер – 106,1%-ды құрады. 
 2017 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша облыстың бизнес құрылымындағы шағын және орта кәсіпкерлік (ШОК) жұмыс істеп тұрған субъектілерінің саны 43997 бірлікті немесе 2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 99,4% құрады, соның ішінен 7566 бірлігі – шағын кәсіпкерліктің заңды тұлғалары, 94 бірлігі – орта кәсіпкерліктің заңды тұлғалары, 32856 бірлігі – жеке кәсіпкерлер, шаруа немесе фермерлік қожалықтары 3481 бірлікті құрады.

 2016 жылғы қаңтар-қыркүйектегі ШОК субъектілерімен өнім (тауарлар мен қызметтер) шығару 329,5 млрд. теңгені немесе 2015 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 78% құрады. 2016 жылғы 1 қазанға ШОК жұмыспен қамтылғандар саны 129,8 мың адам немесе 2015 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 98% құрады.

 


Back to the list