• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Қырғызстанның ауылшаруашылық тауарлары Қазақстанның темір жолы арқылы  өтеді - ҰКП 10.01.2017

«Қазіргі қойылып отырған шарттар алдын ала Жол картасында айтылған дүниелер. Фитосанитарлық-ветеринарлық бақылау тұрғысында жалғасын табудағы іс-қимылдар жемісінде Қырғызстанмен өзара шекара бөлігінде жағдай оңала түседі деп сенеміз. Қазірде өткен жылғы шілде және желтоқсан айларындағы тексерулерде белгілі болған кемшіліктердің жартысы еш түзетілмегеніне қанықтық», - деді Г.Исаева.

Сондықтан тауар айналымын көтеру мұратында транзитті мұқият бақылауды қолға алдық. Сөзімізге дәлел, былтыр қырғыздық жақ Ресейге 121 партия сүт өнімін жіберсе, Қазақстанға ағарғаннан 939 партия жөнелтті. Қарапайым тілмен жеткізсек, тірі төрт түліктен басқасын транзиттеуді мойнымызға алып отырмыз.

«Бүгінгі таңда тығыз ынтымақтастық ауқымында, ЕАЭО сыртқы экономикалық қызметіндегі 4 тауар белгісі бойынша, қырғыз тауар топтарын 105-ке көбейттік. Өнімді пломбаланған вагондарда тасымалдау мал ауруларын таратпауға мұрсат береді», – деп талдаған Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министрі Гүлмира Исаева қарым-қатынас тауарды алып жүруді электрондық зерделеудегі ақпараттық жүйе арқылы да атқарылып, Қырғызстанның бұл жерде де ақсап отырғанын жеткізді.

Ал бауырлас қырғыз халқы Ресей Федерациясының ішкі нарығына ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізу және тауар айналымын арттыруға ниет-құлшынысын айқын аңғартуда.

Мысалға, бүгінде, 15 қырғызстандық кәсіпорын Ресей нарығына және 8 кәсіпорын Қазақстанның оңтүстік өңірлер нарығына ветеринарлық бақылауға жататын термикалық өңдеудегі сүт, дайын ет өнімдері және балық сияқты белгілі бір тауар түрлерін жеткізуге мүмкіндік еншілеген.

Кайрат Жандыбаев


Back to the list