04.01.2017
ЕЭК-те хабарлағандай, Татьяна Валовая Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕЭК) дамуы туралы және интеграцияны тереңдету жөніндегі 2025 жылға дейінгі жоспарлармен толық таныстырды.
ЕЭК министрі Комиссияның Африканың мемлекеттік және интеграциялық бірлестіктерімен қарым-қатынастарын ресмилендіруге мүдделі екенін атап өтті.
«ЕАЭО тәжірибесі Африканың интеграциялық құрылымдары үшін пайдалы болуы мүмкін», - деді Т. Валовая.
Руанда елшісі елдің интеграциялық болашағы туралы айтып өтіп, ЕЭК-тің өңірдің негізгі интеграциялық құрылымдарымен қарым-қатынастарын жандандыруды ұсынды.
Атап өтейік, Африкалық одақ – 2002 жылы негізі қаланған халықаралық үкіметаралық ұйым. Африканың 54 мемлекетін біріктіреді.