• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
ЕАЭО-да жалған медициналық бұйымдардың айналымына қарсы іс-қимылдың бірыңғай тәртібі белгіленді 23.12.2016

Құжат аталған шараларды, сондай-ақ ЕАЭО мемлекеттері уәкілетті органдарының оларды қолдануы тәртібін айқындайды. Бұл Одақта қауіпсіздік пен тиімділіктің белгіленген жалпы талаптарына сәйкес келетін медициналық бұйымдардың айналымын қамтамасыз ету үшін қажет.

Тәртіп уәкілетті органның ықпалдастырылған ақпараттық жүйе құралдарын қолдану арқылы Одаққа мүше басқа мемлекеттердің уәкілетті органдарына медициналық бұйымның қолданылуын немесе айналымнан алынуын тоқтата тұру, оған тыйым салу себептері мен мерзімі туралы хабарлайтынын көздейді.

Құжат ЕАЭО азаматтарының өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін, пациенттердің және медициналық бұйымдарды тұтынушылардың, денсаулық сақтау жүйесі мекемелері қызметкерлерінің мүдделерін қамтамасыз етуге, сондай-ақ медициналық бұйымдарды өндірушілерді жасанды бұйымдардан қорғауға бағытталған.


Back to the list