• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
ЕЭК ЕЭА аумағынан тауарларды әкелу кезіндегі олардың кедендік құнын анықтады 02.12.2016

ЕЭК хабарлағандай, еркін кеден аймағы мен еркін қойманың оларға қатысты кедендік рәсімдері аяқталатын тауарлар туралы сөз болып отыр.

Комиссия мәселені шешудің негізгі қағидатын айқындады, оған сәйкес, еркін экономикалық аймақта өндірілген тауарлар оның аумағынан Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) кедендік аумағының басқа бөлігіне шығару кезінде Одаққа үшінші елдерден әкелінген тауарлар ретінде қарастырылады. Мұндай тауарлардың кедендік құнын анықтау үшін бірінші кезекте оларды Одақтың кеден аумағының қалған бөлігіне сату кезіндегі мәміле құны қолданылады.  

Осылайша, декларанттар тауарлардың кедендік құнын олардың нақты құны негізінде, мысалы, жабдықтың моральдық және физикалық тозуын ескере отырып анықтай алады.

Сондай-ақ, шешімде кедендік құнды анықтау әдістерін қолданудың басқа да ерекшеліктері, сондай-ақ 2008 жылғы Кедендік құнды анықтау туралы келісімнің 5-бабында көзделген қосымша есептеулер мен шегерімдерді есептеу ерекшеліктері жазылған. 


Back to the list