14.11.2016
Канаданың Ресей мен Еуразия бойынша іскерлік қауымдастығы ұйымдастырған семинар барысында ол Еуразиялық экономикалық одақтың міндеттері мен мақсаттары туралы айтты, деп хабарлады ЕЭК баспасөз қызметі.
Семинарда ЕАЭО дипломаттары, Канададағы төтенше және Өкілетті елшілер: Армениядан – Армен Еганян, Қазқастаннан – Константин Жигалов, Ресейден – Александр Дарчиев; Канададағы Беларусь істері бойынша Дмитрий Басик болды.
«ЕО елдерімен сауда көлемінің батыс елдері оның ішінде Канадамен екі есе төмендеуін байқасақ, Азия өңірімен сауда көлемінің артқанын көрдік. Канадалықтар экономикалық ұтымдылықты жібермеуі керек», - деді Т.Валовая.
ЕЭК министрі канадалық әріптестерімен еуразиялық интеграциялық жобаның даму перспективасымен бөлісті.
Татьяна Валовая Еразиялық одақ пен халықаралық ынтымақтастық жұмысының алғашқы нәтижелерімен бөлісті.
Анықтама: Канаданың Ресей мен Еуразия бойынша іскерлік қауымдастығының (Canada – Eurasia – Russia Business Association, CERBA) Мәскеу, Торонто, Монреал, Калгариде кеңсесі бар. Ұйымда экономиканың ір саласын таныстыратын 200 адам бар.