• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
ЕЭК ЕАЭО кәсіпорындарына бірдей нарықтық жағдайларды қамтамасыз етеді 11.11.2016

Өткен жылы ЕЭК бәсекелестіктің жалпы қағидаларын бұзу белгілері бойынша Одақ елдерінің он бір өтінішін қарағаны атап өтілді. Олардың жетеуі бойынша қазіргі уақытта дәлелдеу базасын жинау жүргізіліп жатыр. Бұзушылықтар авиациялық тасымалдау, электротехникалық болат, электр жабдығы, биологиялық белсенді қоспалар, сүт өнімдері мен құс еті нарықтарындағы салаларды қозғайды.
Н. Алдабергенов ЕАЭО аумағындағы роуминг құнының төмендеуі бойынша істі мысал ретінде келтірді. Комиссия роуминг нарығын әлеуметтік маңыздылардың қатарына жатқызған. Комиссия сарапшыларды тарта отырып орындаған талдау нәтижелері бойынша, Одақ абоненттерінің басым көпшілігі роумингтегі байланыстың жоғары құнына қанағаттанбайды, деп хабарлады ЕЭК.
2013-2015 жылдар аралығындағы мобильді операторлар қызметтерінің бағаларын талдау Одақ елдерінде роумингтегі шығыс қоңырауларға тарифтердің едәуір жоғары болғанын көрсетті.
Ұялы байланыс қызметтерінің ерекше маңыздылығын ескере отырып, Комиссия ЕАЭО мемлекеттерінің осы қызмет түрі операторларымен және монополияға қарсы органдарымен бірлесіп, роумингтегі қызметтер құнын төмендету бойынша жұмыс жүргізді. Нәтижесінде, ұялы байланыс операторлары роумингтегі тарифтерді едәуір төмендетті. Мысалы, VimpelCom Ltd компаниялар тобы қызметтерге тарифтерді 10 есе төмендеткен.

 


Back to the list