• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
ЕАЭО-да қор ретінде бункерлік отын шығарудың рұқсат етілген нормалары белгіленді 07.11.2016

«Су кемесі Одақтың кедендік аумағы арқылы 30 күннен астам уақыт бұрын бункерлеуді жүзеге асырса немесе мүлде жүзеге асырмаса, қор ретінде декларациялау үшін рұқсат етілген бункерлік отын көлемдері бункерлік танктердің нақты сыйымдылығы негізінде айқындалады. Мұндай шешімді ЕЭК алқасы 1 қарашада өткен кезекті отырыста енгізді», - делінген хабарламада.

Комиссия алқасының «Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы су кемелерінің қорлары ретінде тасымалданатын бункерлік отын көлемінің нормаларын анықтау туралы» шешімімен мәліметтердің жабық тізбесі айқындалды.

«Шешім кедендік рәсімдерге орналастырмай және әкелу кеден бажын төлемей, Одақ аумағынан нақты кемемен шығару үшін рұқсат етілген бункерлік отын көлемін есептеудің айтарлықтай қарапайым және түсінікті тетігін айқындайды, – деді ЕЭК кедендік ынтымақтастық министрі Мұқай Қадырқұлов.

М. Қадырқұлов шешім бункерлік отын шығаруға шектеу енгізбейтінін атап өтті. Қор ретінде танылмаған бункерлік отын көлемі кедендік рәсімдерге орналастырылған және әкету кеден бажы төленген жағдайда шығарылуы мүмкін.


Back to the list