03.11.2016
Кеңес мүшелері Еуразиялық экономикалық одақтың одан әрі дамуының өзекті мәселелерін қарады. Атап айтқанда, Еуразиялық экономикалық одақтың Кедендік кодексі туралы шарт жобасы шеңберінде мәселелер қаралды, деп хабарлады primeminister.kz.
Дәрілік заттардың жалпы нарығын қалыптастыру мәселесіне ерекше көңіл бөлінді. Халықаралық стандарттарға негізделген дәрілік заттардың жалпы нарығын құру фармацевтикалық өнім саудасын кеңейту үшін жағдайлар жасайды.
Жалпы, тараптар отырыстың күн тәртібіне енгізілген мәселелерді талқылауды жалғастыру туралы келісті.
ЕЭК Кеңесінің келесі отырысын ағымдағы жылғы қарашаның соңында өткізу жоспарлануда.