03.11.2016
Бұл жерде, сондай-ақ, сыртқы экономикалық қызметтің тауарлық номенклатура жіктеуішінен және көрсетілетін қызметтердің халықаралық саудасы жіктеуішінен өнімдер жіктеуішіне ауысу кілттерін пайдалану туралы да сөз қозғалды, деп хабарлады ЕЭК баспасөз қызметі.
ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің еларалық импорттық матрицасын құру үшін кедендік статистика мен көрсетілетін қызметтердің халықаралық саудасы статистикасын салыстыруға қол жеткізу тетіктері туралы баяндамамен Еуразиялық экономикалық комиссияның Макроэкономикалық саясат департаменті директорының орынбасары Галина Исламова сөз сөйледі. Ол ұлттық статистикалық деректердің негізінде Одақтың импорттық матрицасын құрастыру бойынша одан арғы жұмыс бағыттарын ұсынды.
Беларусь пен Қазақстанның ұлттық статистикалық қызметтерінің өкілдері семинарға қатысушыларды «шығын-шығарылым» кестелерінің ұлттық жүйелеріндегі импорттық матрицалар қалыптастыру ерекшеліктері туралы ақпараттандырды.
Одан басқа, ЮНКТАД статистика және ақпарат бөлімшесінің басшысы Стив Макфилидің Комиссияға талқылауға ұсынылған импорттық өнімді пайдалану кестесін құрастыру әдіснамасы туралы баяндамасы қаралды.
Семинарға қатысушылар Одақтың «шығын-шығарылым» кестелерінің жүйесіне кіретін еларалық импорт матрицасын қалыптастыру әдіснамасын келісу бойынша сұрақтарды талқылауды жалғастыру туралы келісті.