• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Қазақстанның төрағалығымен Мәскеуде ЕЭК  Кеңесінің отырысы өтті 19.10.2016

Отырысқа қатысушылар күн тәртібінің 52 мәселесін қарады, соларға қатысты еуразиялық экономикалық ықпалдастықты дамыту бойынша өзара тиімді келісімдерге қол жеткізілді.

Отырыста сондай-ақ өнеркәсіптік кооперацияның халықаралық қызметі, Еуразиялық экономикалық одақтағы (ЕАЭО) техникалық реттеуді жетілдіру, өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы мүше мемлекеттердің заңнамаларын үйлестіру мәселелері талқыланды. Стандарттық үлгі типін және өлшеу жабдықтарының түрлерін бекіту Тәртіптері қабылданды, бұл бизнес пен саудаға қосымша жағдай жасауға, өнімдерді сынау нәтижелерін өзара құптауға мүмкіндік береді.

ЕАЭО аумағында адам өмірі мен денсаулығын, қоршаған ортаны сақтауды қамтамасыз ету мақсатында «Балық және балық өнімдерінің қауіпсіздігі туралы», «Электротехника және радиоэлектроника бұйымдарында қауіпті заттарды қолдануды шектеу туралы» техникалық регламенттер қабылданды.  

ЕЭК Кеңесі аясында биомедицина, ғарыш және геоақпараттық технологиялар, фотоника салаларындағы басым технологиялық тұғырнамалар анықталды. 

Еуразиялық технологиялық тұғырнамалар ЕАЭО-қа мүше мемлекеттердің 400-ден астам жетекші ғылыми және өнеркәсіптік ұйымдарын біріктіруге мүмкіндік береді. Ұйымдар перспективалы салалардағы 130-дан астам ортақ инновациялық кооперациялық жобаларды қарастыруды ұсынды. 

 


Back to the list