07.10.2016
«Қазақстан Республикасы қазіргі кезге дейін қазақ-қырғыз мемлекеттік шекара учаскесінде карандит фитосанитарлық бақылауды жүзеге асырып жатыр. Жоғарғы еуразиялық экономикалық кеңестің шешімімен 2015 жылдың 8 мамырындағы № 6 бойынша бақылау алып тасталған болатын», - делінген хабарламада.
Мысалы, тауардың құны мен салмағы, валюта атауы, сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы кодының алғашқы екі позициясы, жүк жөнелтуші және жүк алушы туралы мәліметтер т.б.
«Қабылданған шешім өзара саудада тауарларды мемлекеттік шекара арқылы алып өтуге бақылау жасаудың қосымша әкімшілік рәсімдерін енгізу сияқты шектеу шараларын қолданусыз тауарлардың Одақ елдері арасындағы еркін қозғалысын қамтамасыз етуге бағытталған» деп атап өтті», - деді Ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Карине Минасян:
Бұл ретте Қырғызстанның шекараны күзету саласындағы уәкілетті мемлекеттік органының аумақтық бөлімше қызметкері тасымалданатын жүктің (тауардың) талонда тасымалдаушы көрсеткен мәліметтерге сәйкестігін бақылауға құқылы. Бұл мәні бойынша кедендік бақылаумен бірдей.
Мұндай нысанда бақылауды жүзеге асыру Одақ елдері арасындағы тауарлардың еркін қозғалысына кедергі жасайды және Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа сәйкес келмейді. Еуразиялық экономикалық одақ өзінің шешімімен Қырғызстанды Қырғыз Республикасы Үкіметінің қаулысын қолдану кезінде Одақ туралы шарттың ережелерін орындау қажеттілігі туралы хабардар етеді.
Қырғызстан Үкіметіне қабылданған шешім күшіне енген күннен бастап күнтізбелік 10 күн ішінде Еуразиялық экономикалық комиссияны Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарт ережелерін орындауға бағытталған шаралар туралы хабардар ету ұсынылды.