• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Павлодар облысының ЕАЭО елдерімен тауар айналымы 619,2 млн долларды құрады 05.10.2016

Өзара сауда құрылымында экспорт басым болды және 58,1%-ды құрады, облыстан 359,5 млн. АҚШ долларға тауар шығарылды, импорттың үлесі 41,9% -ды құрады, облысқа әкелінген тауарлардың көлемі 259,7 млн. АҚШ долларға тең. 

Ресей Федерациясына, Беларусь Республикасына, Арменияға, Қырғызстанға облыс экспорттың құрылымында көбінесе химиялық және онымен байланысты өнеркәсіп салаларының өнімдері (ЕАЭО мемлекеттеріне жалпы экспорт көлеміне 51,9%), бағалы емес металдар мен олардан жасалған бұйымдар (23,4%), минералды өнімдер (20,4%) шығарылды. 

ЕАЭО мемлекеттерінен әсіресе минералды өнімдер (ЕАЭО мемлекеттеріне жалпы импорт көлеміне 22,4%), бағалы емес металдар мен олардан жасалған бұйымдар (18,1%), машиналар, жабдықтар және тетіктер (15,2%), химиялық және онымен байланысты өнеркәсіп салаларының өнімдері (13%) әкелінді.

 


Back to the list