• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Н.Назарбаев пен В.Путин  ЕАЭО аясындағы өзара қарым-қатынас мәселесін талқылады 09.02.2015

В.Путин өзінің Германия және Франция көшбасшыларымен 6 ақпанда Мәскеуде өткен келіссөздерінің қорытындылары, сонымен қатар «норманд форматында» 8 ақпанда телефон арқылы өткізген келіссөздері жөнінде айтты.

«Нұрсұлтан Назарбаев Минскіде 11 ақпанда өткізу жоспарланған төртжақты келіссөздер Украина қақтығысын реттеу жолдарын іздестіру ісінде мәмілеге келуге мүмкіндік беретініне сенім білдірді», - делінген хабарламада.

Бұдан бөлек, Ресей экономикасындағы уақытша қиындықтарға байланысты мемлекеттер басшылары өзара сауданың ағымдағы мәселелерін талқылады. Екі ел үкіметтеріне өзара тиімді шешімдер әзірлеу жөнінде тапсырма берілді.


Back to the list