07.02.2015
ЕПАК кеңесінде ЕАЭО-ға Қырғызстанның қосылуы, сондай-ақ, одақ аясындағы елдердің ықпалдастығын одан әрі кеңейту мәселелері талқыланды. Үкімет басшылары ЕАЭО-ның негізгі серіктестіктерімен, сондай-ақ, ҚХР-мен сауда-экономикалық ынтымақтастықтың басым бағыттарын талқылады.
Кеңес қорытындысы бойынша КО мен ЕЭК елдерінің шекарасына түзетулер енгізу бойынша қаржыландырудың пилоттық жобасына қатысты бірқатар құжаттар қабылданды.
Еуразиялық парламентаралық кеңестің кезекті отырысы 2015 жылдың мамыр айында Қазақстанның Бурабай елді-мекенінде өтеді.
Айта кетерлігі, Еуразиялық экономикалық одақтың органы болып есептелетін Еуразиялық парламентаралық кеңес тұңғыш рет өткізіліп отыр. 2014 жылдың мамыр айында Қазақстан Президенті Н.Назарбаев, Ресей басшысы В.Путин және Беларусь Президенті А.Лукашенко Астанада ЕАЭО туралы келісімге қол қойған болатын. Нұрсұлтан Назарбаевтың 1994 жылы ұсынған пікірі жүзеге асты. Ол 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап өз күшіне енді. Қазіргі таңда одақ құрамында Қазақстан, Ресей, Беларусь, Армения бар, мамыр айында Қырғызстан елі қосылмақ.