02.02.2015
ЕЭК мемлекеттік сатып алу және бәсекелестік саясаты департаменті директорының орынбасары Дәурен Жандарбек семинарға қатысушыларға ЕАЭО келісімшарты бойынша бәсекелестіктің ортақ тәртіптері туралы айтты. Сондай-ақ, Еуразиялық экономикалық одақ елдері аймағында қызмет көрсету мен бағаны реттеу үшін мемлекеттік реттеу бағамын енгізу сұрақтары талқыланды.
Аталып өткендей, нарық тауарына бағаны реттеуді мемлекеттік мүшелер кейбір жағдайларда ғана енгізеді, олар: төтенше жағдайлар, ұлттық қауіпсіздік, тілсіз жау орын алғанда ғана. Туындаған проблемаларды бәсекелестікке аз нұсқан келтіретін жолмен шешу мүмкін емес.
Сондай-ақ, мемлекет-мүшелері мемлекеттік реттеу бағамын 1 жыл ішінде 90 күнге арнайы аймақтарда жеке әлеуметтік тауарларға енгізе алады. Бұл уақыттың ұзаруы арнайы комиссиямен келісу арқылы жүзеге асады.
Өз сөзінде ЕЭК монополияға қарсы реттеу департаментінің КЭК нарығында зерттеу жүргізу мен сараптама жасау бөлімінің басшысы Әсем Мұхамедиева Еуразиялық экономикалық одақтың қызметіне тоқталды.
Сондай-ақ, Әсем Мұхамедиева Қазақстанның монополияға қарсы органы мен Еуразиялық экономикалық одақтың монополияға қарсы заңнамсының бұзылуына қарасты өкілеттілік туралы әңгімеледі.
«Бәсекелестікті қорғау және дамыту саясатының орталығы» АҚ президенті Алдаш Айтжанов өз кезегінде ҚР Бәскелестік туралы заңына енгізілетін толықтырулыар мен өзгертулер туралы айтып өтті.