28.01.2015
Жұмыс тобының отырысы Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) Кедендік кодексі туралы келісімі жобасын мемлекетішілік келісу (МІК) аясында өтті.
ЕАЭО Кедендік кодексі туралы келісіміне өзгертулер енгізу жобасында мемлекеттік органдар бизнес үшін аса маңызды түзетулерді қолдады.
Мәселен, декларантты керісінше бірден жауапқа тартпай, тауарды шығарғаннан кейін кедендік немесе кеден ісі саласындағы заңнаманы бұзу қателіктерін өз бетінше анықтап, жөнге келтіру мүмкіндігі.
Сондай-ақ, камералды кедендік тексерістен кейін анықталған шикіліктерді өз бетінше он жұмыс күні ішінде ретке келтіру мүмкіндігі де қарастырылған.