13.01.2015
Ұлттық кәсіпкерлер палатасынан хабарлағандай, бұл санатқа адамның мүшесі мен терісі, қаны мен оның құрамы, биологиялық материалдың үлгісі, миниралды шикізаттар, жабайы аңдар мен кейбір жабайы өсімдіктер мен жабайы дәрілік шөптер жатқызылды.
Бұдан басқа, сирек кездесетін немесе жойылу алдында тұрған, ЕАЭО мүше мемлекеттердің қызыл кітабына енгізілген жабайы өсімдіктер мен жануарлар да бар.
Сонымен қатар, қауіпті қалдықтар, мәдени құндылықтар, ұлттық мұрағат құжаттары да аталмыш санатқа жатқызылды.
ЕАЭО туралы келісімге сәйкес бейтарифтік реттеу саласында нормативті құқықтық базаны жүргізу аясында аталмыш ережеге сәйкес өзге де заттар бұл санатқа жатқызылды.
Ереже жобасын талқылау, кеңірек түсіндіру және аталмыш санатқа жатқызылған заттардың тізімімен толық таныстыру мақсатында Мәскеуде 2015 жылдың ақпан-сәуір аралығында бірқатар жиналыстар өткізіледі.