• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Қазақстанға шет елдік жұмыс күші ағымы күтілмейді – Жақыпова 08.01.2015

«Шет елдік жұмыс күшінің үлкен ағымы бұрынғыдай Ресей Федерациясына тиесілі. 2014 жылы бұл көрсеткіш 8 мың адамды құрады. Беларусь елінен сауда қызметімен айналысатын 560 адам еңбек етуде. Арменияға 260 адам тиесілі. Еңбек күші ағымы бұрынғы қалпында сақталады деп күтіп отырмыз. Қазақстандық нарықты шет елдік жұмыс күшінің жаулап алу қаупі байқалмайды», - дейді С.Жақыпова.

Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің мәліметінше, 2014 жылы шет елдік жұмыс күшін тарту квотасы республиканың экономикалық белсенді халқының 0,7 пайызы шамасында бекітілді.  Бұл шамамен 63 мың адам.

2014 жылдың 1 желтоқсанындағы мәлімет бойынша, жергілікті атқарушы органдар рұқсатымен Қазақстан аумағында шет елдік 29 462 азамат еңбек етіп жатыр.

Камила Амирова


Back to the list