• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
ЕАЭО елдері азаматтарының еңбек және әлеуметтік құқықтары бірдей – ДСӘДМ (ФОТО) 08.01.2015

«ЕАЭО туралы Келісім еңбек шарттарына қатысты заңсыз көші-қон ағымын азайту, ЕАЭО аясында әлеуметтік-экономикалық интеграциялық процестерді тереңдету мәселелерінде мүше мемлекеттер азаматтарына бірдей жағдай жасайды», - дейді вице-министр.

«Еңбек миграциясы» ЕАЭО туралы Келісімнің XXVI бөлімінде қарастырылған. Негізгі үш баппен еңбек миграциясы саласындағы ынтымақтастық көрсетіледі.

«Егер бұрын Қазақстан аумағында жұмыс істеп жатқан шет елдік азаматтар әлеуметтік қамсыздандыру мен әлеуметтік сақтандыруға қол жеткізе алмаса, енді осы келісім арқылы ЕАЭО мүше мемлекеттері азаматтарынан тұратын еңбек мигранттары үшін ана болу, бала туу, өндірістегі қайғылы жағдайлардан сақтандыру мен медициналық сақтандыру бойынша әлеуметтік сақтандыру қарастырылады», - дейді.

Министр орынбасарының айтуынша, жұмыс істеп жатқан адам мен оның отбасы мүшелерінің уақытша орналасу мерзімі жұмыс беруші, жұмысқа (қызметке) тапсырыс берушімен арада құрылған еңбек және азаматтық-құқықтық келісімнің уақытымен анықталады.

Ведомстваның хабарлауынша, Келісім жұмысқа орналасатын мемлекет аумағына шыққаннан кейін 30 күн ішінде мигрант пен оның отбасы мүшелдерін тіркеуден өткізу міндеттелмейді.

Камила Амирова


Back to the list