05.01.2015
Құжат бойынша, аталған міндеттер бірнеше кезеңмен іске асырылып, 2025 жылға қарай толықтай аяқталады: ортақ электроэнергетикалық нарық құру 2019 жылға қарай тәмам болмақ, ал ортақ көмірсутек нарығы 2025 жылға қарай құрылады.
ЕАЭО туралы Келісім дәрі-дәрмек бұйымдары мен медицина бұйымдарына қатысты реттеу тәртібін анықтайды. Одақ аясында 2016 жылдың 1 қаңтарына қарай ортақ дәрі-дәрмек және медицина бұйымдары нарығы құрылмақ.
Келісімде ұзақмерзімді болашаққа арналған Еуразиялық экономикалық одақ аумағындағы көлік саясатының басым бағыттары анықталған. Тараптар құрылып жатқан Одақ аумағында көлік тасымалын кезең-кезеңімен либерализациялау туралы келісімге келді. Бұл бірінші кезекте автокөлік және темір жол тасымалына қатысты.
Келісілген агроөнеркәсіптік саясатты құру мен оны іске асыру туралы келісімге қол жеткізілді. Аталған саясатты интеграциялық қатынастың өзге салаларында іске асыру, соның ішінде ауыл шаруашылығы өнімдеріне қатысты санитарлық, фитосанитарлық және ветеринарлық-санитарлық шаралар келісілген агроөнеркәсіптік саясаттың мақсаты, міндеттері мен бағыттарын ескере отырып іске асырылатын болады.
Еуразиялық экономикалық одақтың тиімді жұмыс істеуі теңестірілген экономикалық дамуға қол жеткізу мақсатындағы Одаққа мүше мемлекеттердің бірлескен әрекеттерді дайындау мен іске асыруын қарастыратын келісілген макроэеономикалық саясатты жүргізуінсіз елестету мүмкін емес. Келісімге сай, келісілген макроэкономикалық саясатты жүргізудің басым бағыттары Одаққа мүше мемлекеттер экономикасының қызмет етудің бірыңғай қағидаларын құру, олардың тиімді әрекет етуін қамтамасыз ету және Тараптардың әлеуметтік-экономикалық дамуын болжауға арналған ортақ қағидалар мен бағыттарын дайындау болып табылады.
Келісілген қаржы нарығын реттеуді қамтамасыз ету үшін кезең-кезеңімен заңнаманы үйлестіру шараларының қорытындысы бойынша ЕАЭО-қа мүше мемлекеттер қаржы нарығын реттеу бойынша 2025 жылға қарай Бірыңғай мемлекетаралық орган құру қажеттілігіне бір ауыздан келісті.
ЕАЭО туралы Келісімде 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап Одаққа мүше мемлекеттердің көрсеткен бірқатар секторларында бірыңғай қызмет нарығы жұмыс істей бастайды. Бұл кезде ұлттық режим база ретінде қарастырылады. Осы орайда мемлекет әріптес мемлекеті мен қызмет берушіге қатысты толыққанды ұлттық режимін қабылдауға міндетті. Ешқандай да шектеу болуы мүмкін емес. Алдағы уақытта Тараптар осы секторлар санын барынша көбейте түспек, еуразиялық интеграцияны бекіте түсу жолында шектеулерді азайта береді.
ЕАЭО туралы Келісімге сай, Одақ аясындағы Бірыңғай қызмет нарығы мүше мемлекеттер мен Комиссияның келісілген ұсыныстары негізінде мемлекет басшылары деңгейіндегі Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңестің бекіткен қызметтер секторында қызмет ететін болады. Келісім негізінде Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңес шешімімен 2014 жылдың 23 желтоқсанында 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап қызмет ете бастайтын бірыңғай нарыққа енетін қызметтер секторының тізімі бекітілді. Қазіргі таңда Беларусь, Қазақстан және Ресейдің ұсынысы бойынша қызметтің 40-тан астам секторы аталған тізімге енгізіле алады. Атап айтар болсақ, олар құрылыс қызметтері, көтерме және бөлшек сауда саласындағы қызметтер, ауыл шаруашылығына қатысты қызметтер, олардың арасында ауыл шаруашылығын егу, өңдеу мен ору жұмыстары және басқа да қызмет секторлары енеді. Бірыңғай қызмет нарығы ережелерімен қамтамасыз етілетін секторлар тізімі кезең-кезеңімен және шешімге сай жүзеге асырылады. Бірыңғай қызметтер нарығы жұмыс істейтін секторлар тізімінде қызмет ұсынушылар мен тұтынушыларға ұлттық режим беріледі және барынша қолайлы жағдай жасалады. Сонымен қатар көлемі жағынан және инвестициялық шектеулер қабылданбайды.
2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап Беларусь, Қазақстан мен Ресей аумағында ортақ еңбек нарығы жұмыс істей бастайды. Жұмыс күшінің еркін алмасуына жол ашылады. Аталған мемлекеттер азаматтары бірдей шарттарда жұмыс істейді. Одақ аясында ЕАЭО мүше мемлекеттер азаматтарынан қандай да бір рұқсат талап етілмейді. 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап автоматты түрде дипломдарды бірдей деңгейде өзара мойындай бастайды.
Одақтың тағы бір жаңалықтарының бірі әлеуметтік қамту саласына қатысты төрт елдің де азаматтарына ұлттық режим енгізу мүмкіндігі. Соның ішінде медициналық қызмет көрсету. ЕАЭО аясында әр елде мемлекеттің кепіл еткен медициналық қызметтері Одаққа мүше мемлекеттердің барлық азаматтарына қолжетімді болады. Бұл бірінші кезекте тегін қызмет көрсететін жедел жәрдем қызметіне байланысты.
Зейнетақыға келер болсақ, ЕАЭО туралы келісімде Одаққа мүше өзге мемлекетте жинақталған еңбек өтілін есептеу мен зейнетақы экспортына қатысты мәселелер міндетті түрде шешілуді талап етеді. Қазіргі таңда ЕЭК Тараптармен бірлесіп 2015 жылдан кейін өз күшіне енетін Зейнетақымен қамту туралы Келісімді дайындауда.