24.12.2014
Шараға ЕЭК кеңесінің мүшелері - ЕурАзЭҚ, КО, БЭК аясындағы сыртқы экономикалық қызметтің мәселелері бойынша Беларусь Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Сергей Румас, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев, Ресей Федерациясы Үкіметі төрағасының орынбасары Игорь Шувалов, ЕЭК коллегиясының төрағасы мен мүшелері, Армения Республикасы мен Қырғызстан Республикасының өкілдері қатысты.
Аталып өткендей, отырыс барысында Еуразиялық экономикалық комиссия жұмысының регламентіне қол қойылды. Еуразиялық экономикалық одақ сотының регламенті бекітілді. Еуразиялық экономикалық одақ сотының төрағаларын тағайындау келісілді, оның ішінде Армения Республикасынанда бар.
Бұдан басқа, ЕЭК кеңесінің мүшелері ЕАЭО аясында дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды пайдалану бойынша бірыңғай тәртіпке қол қойды.
Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде капитал қозғалысының еркіндігін қамтамасыз ету мен қаржы нарығына қолайлы жағдай жасау мақсатында ақпарат алмасу, оның ішінде құпия ақпараттармен алмасу туралы келісімге қол жеткізілді.