• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
ЕЭК КО т/ж техникалық регламенттерінің мемлекетаралық стандарттарын дайындау бағдарламасын мақұлдады 04.12.2014

Нақтырақ айтар болсақ, ЕЭК алқасы шешімімен «Жылжымалы темір жол құрамы қауіпсіздігі туралы», «Жоғары жылдамдықты темір жол тасымалы қауіпсіздігі туралы», «Темір жол тасымалы инфрақұрылымы қауіпсіздігі туралы» Кедендік одақ (КО) техникалық регламенттеріне мемлекетаралық стандарт дайындау (өзгеріс енгізу мен қайта қарау) бағдарламасы мақұлданды.

«Бұл бағдарламалар тараптардың құзіретті органдары, комиссия, темір жол қауымдастықтары өкілдері, стандарттау бойынша техникалық комитеттер, темір жол техникасын өндірушілер мен ғылыми-зерттеу институттары өкілдерінің қатысуымен дайындалды. Бағдарламаның орындалуы темір жол тасымалы саласындағы Кедендік одақтың техникалық регламенттерінің дәлелдемелік базасын өзекті етуге мүмкіндік береді», - дейді ЕЭК техникалық реттеу мәселесі бойынша алқа мүшесі (министр) Валерий Корешков.

Сонымен қатар, ЕЭК алқасы төленген, аударылған және бөлінген кедендік баж салығының төлем көлемі туралы есеп формасын мақұлдады. Бұл шешім ЕАЭО туралы келісімнің күшіне енген күнінен бастап өз күшіне енеді.


Back to the list