• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Мәжілісмендер Санкт-Петерборда ТМД ПАА іс-шараларына қатысады 26.11.2014

«Онда ЕурАзЭҚ ПАА-ның  соңғы жиыны өтіп, Мәжіліс Спикері Қабиболла Жақыпов ЕурАзЭҚ ПАА-ның қазіргі төрағасы ретінде ұйымның құрылғаннан бергі жұмысына қорытынды жасайды деп күтілуде», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, ТМД парламентшілері өзара ақпараттық іс-қимыл, жергілікті өзін-өзі басқару, экономика салаларында үлгілік заңнамаларға қатысты ауқымды сұрақтарды қарастырады және ҰҚШҰ ПА қызметінің 2016-2020 жылдарға арналған бағдарламасын әзірлеу мәселелері талқыланады.

Ал, мәжілісімендер делегациясының жұмыс жоспары барысында Палата Төрағасы Қабиболла Жақыповтың ТМД елдерінен келген әріптестерімен бірқатар екіжақты кездесулері көзделген.   

Сонымен бірге, ТМД қатысушы-мемлекеттер мәдени күндері аясында Қазақстан өнер шеберлерінің концерті өтеді. Таврический сарайы - ТМД ПА штаб-пәтерінде өтетін шараны Қазақстан Парламенті ұйымдастырып отыр.


Back to the list