24.11.2014
Тараптар Қазақстан-Ресей ынтымақтастығының өзекті мәселелерін талқылады, оның маңызды элементі парламентаралық диалог болып есептеледі. Сенат төрағасы С.Нанрышкинді Елбасының «Нұрлы жол» Жолдауы туралы ақпараттандырды.
«Бағдарламалық құжат стратегиялық маңызға ие, ол халықаралық қаржы институттарының назарын аударды. Олар Қазақстан экономикасына инвестиция құю арқылы аталмыш бағдарламаның жүзеге асуына ат салыспақ», - деді Қ. Тоқаев.
С.Нарышкин Қазақстан халқы мен Парламент аталмыш міндеттерді сәтті орындап шығатынын айтты. «Біз Президент Жолдауын мұқият қарап шықтық. Ауқымды және міндетті тапсырмалар қойылғанын да байқадық», - деді Ресейдің Мемдумасының төрағасы.