06.11.2014
Ұйымдастырушылар хабарлағандай, конгрестің алдағы жұмысына ЕАЭО елдерінің жетекші сарапшылары, мемлекеттік құрылымдар, құрылыс компаниялары, салалық қауымдастықтар мен одақтардың басшылары, материалдар мен жабдық өндірушілері, білім беру және ғылыми мекмелер, қаржы институтары және т.б. сияқты құрылыс индустриясының барлық ойыншылары қатысады.
Еуразиялық экономикалық одақты құру қатысушы елдер арасындағы стандарттар мен техникалық регламенттерді біріздендіру бойынша бірқатар сұрақтарды анықтап, құрылыс саласының дамуы үшін перспективаларды ашқандығы белгілі. Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың сөзі бойынша: «Біз болашақта Еуразиялық экономикалық одақтан еліміздің инновациялық серпінділігі мен жедел дамуы үшін орасан мүмкіндіктер көреміз».
«Елбасы Қазақстанның 2050 жылға қарай әлемнің дамыған отыз елінің қатарына кіру туралы міндет үкіметтен, құрылыс саласы мен кәсіби қауымдастықтың барлық қатысушыларынан Қазақстанның құрылыс нарығының нормаларына әлемдік стандарттарды енгізу бойынша белсенді жұмыс атқаруын талап етеді. Еуразиялық конгресс – бұл елдің құрылыс вектороның дамуы мен Еуразиялық одақ шеңберіндегі өсудің жаңа мүмкіндіктері талқыланатын осындай ауқымдағы алғашқы шара», - делінген хабарламада.
Бұл конгресс экономика дамуының негізгі мәселелері бойынша бағдарларды салыстыруға, құрылыс саласының проблемалары мен перспективаларын толық талқылауға, үш мемлекет – Ресей, Беларусь және Қазақстанның құрылыс индустриясын дамытудағы жаңа шешімдер мен идеяларды әзірлеуге, сондай-ақ қалаларды салу жоспарлары, ЭКСПО-2017 көрмесіне дайындау жоспарларын және көптеген басқа мәселелерді талдауға мүмкіндіктер береді.
Алдағы Конгресте құрылыс нарығының кадрлық қамтамасыз етуінен бастап саладағы ақпараттық ашықтыққа дейінгі сұрақтардың орасан зор тізбесін қамту жоспарланып отыр. Шара барысында реттеу (бағаның құрылуы, нормативтік база, рұқсат беру құжаттамасы), инвестициялар (МЖӘ механизмдері, инветициялық қорлар басқармалары), өсу нүктелері (агломерация, қалалар дамуының әлеуметтік мәселесі, туристік хабтар), әлемдік мегаполистер үлгісінде жобалау және қара құрылысы, жасыл технологияларды дамыту, отандық өндірушілерді қолдау және көптеген басқа мәселелер қаралатын болады.
Мәселен, 2013 жылы ҚР ЖІӨ-дегі құрылыс саласының үлесі 7%-ды құраған, республикада 6,8 млн. ш.м. тұрғын үй пайдалануға берілген, ал салада жұмыспен қамтылған адамдардың саны 660 мыңға жуық адамды құрады.