17.10.2014
Тараптар өзара сұхбат кезінде сауда-экономикалық саладағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту жолдары бойынша пікір алмасып, мысырлық делегацияның Еуразиялық экономикалық одақ пен Мысыр арасындағы Еркін сауда келісіміне қол қою бойынша келіссөздер жүргізу үшін қазан айының үшінші онкүндігінде Астанаға жоспарланып отырған сапарына қатысты мәселелерді қарастырды.
«Министр М.Ф.Әбдел Нұр Мысырдың ЕАЭО-ның белді құрылтайшыларының бірі – Қазақстанмен әртүрлі салалардағы ынтымақтастықты, соның ішінде сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарды кеңейтуге ұмтылатынын мәлім етіп, оған аталмыш одақ пен өз елі арасында Еркін сауда аймағын құру жаңа мүмкіндіктер ашар еді деп атап өтті», - делінген хабарламада.