06.10.2014
«Келіссөздер барысында одақты саясиландыруға жол бермеу туралы тезис қорғалып, оны мемлекеттік егемендік пен ұлттық құзіреттілікке тиесілі мәселелер аясында талқылау болып өтті. Егемендік теңдік қағидасы қамтамасыз етіліп, тараптардың ұлттық мүдделері мен құқықтарының теңдей сақталуы ескерілді. Келіссөзде барлық деңгейдегі шешімдерді қабылдауда өзара келісім тетігі бекітілді. Қазақстан одақ органдарында қажетті шамада жұмыс істейді», - дейді ҚР ұлттық экономика вице-министрі Тимур Жақсылықов комитеттің кеңейтілген отырысында.
Өз кезегінде комитет төрағасы Талғатбек Абайділдин Ресей Парламентінің ЕАЭО туралы келісімді биылғы жылдың 26 қыркүйегінде ратификациялағанын еске салды. Ал, Беларусь Парламенті аталмыш құжатты 2014 жылдың 7 қазанында ратификацияламақ. Еуразиялық экономикалық одақ туралы келісімнің ратификациясымен күшіне енуі үш елдің де халқы үшін мол мүмкіндіктер ұсынбақ», - дейді ол.
Камила Амирова