29.09.2014
Отырысқа ЕЭК өкілдері, Беларусь, Қазақстан, Ресей, Армения мен Қырғызстанның салық органдарының өкілдері қатысты.
«Жиынның күн тәртібіне қойылған басты мәселелердің бірі ретінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің алкоголь және табак өнімдеріне акциз қою саласындағы салықтық саясатты енгізу қағидалары туралы келісім жобасы талқыланды. Аталмыш заң жобасын дайындаудың қазіргі кезеңінде тараптар әр елдің құзіретті орган сарапшыларымен кеңесу керектігі және оны Консультативтік комитеттің отырысында ары қарай қарау керектігі туралы ортақ пікірге келді», - деп хабарлайды ЕЭК ресми сайты.
ЕЭК өкілдері Комиссия тарапынан дайындалған заңды және жеке тұлғалардың жекелеген түрлері бойынша, атап айтар болсақ, мүше мемлекеттер аумағындағы мүліктің жекелеген түрлері мен олардың иелері туралы салық органдары арасындағы ақпарат алмасу тәртібі жобасы мен салықтық әкімшілікті жүзеге асыруға арналған мүше мемлекеттердің салық органдары арасындағы электронды түрдегі ақпарат алмасу туралы Хаттама жобасы туралы ақпарат берілді.
Сонымен қатар, отырыс қорытындысы бойынша 2009 жылдың 11 желтоқсанындағы төленген жанама салықтар туралы КО елдерінің салық органдары арасындағы электронды түрдегі ақпарат алмасу туралы Хаттамаға өзгерістер енгізу туралы Хаттамаға қол қою шешімі қабылданды.