25.09.2014
Кездесу барысында Еуразиялық экономикалық одақтың қалыптасуы мен қызметінің негізгі қағидаттары таныстырылды.
Сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақты дамыту, соның ішінде ЕАЭО Сотын құру, ортақ нарықты қалыптастыру, ЕАЭО туралы шартты ратификациялау, ЕАЭО-ға Армения мен Қырғызстанның қосылуы, сондай-ақ ЕАЭО пен ЕО арасындағы ықтимал ынтымақтастық мәселелері бойынша пікірлер алмасылды.
«Кездесудің қорытындысында тараптар Қазақстан мен Еуропалық Одақтың стратегиялық әріптестер екендігін атап өтті және өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейтуге әзір екендіктерін білдірді», - деп хабарлады сайт.