25.09.2014
«Еуразиялық экономикалық одақ ережелеріне сәйкес, 2016 жылға қарсы дәрі-дәрмектердің тіркеу құжаттарын өзара мойындау үдерісі енгізілетін болады. Бұл өз кезегінде қазақстандық дәрі-дәрмек өндірушілердің тауарларын ЕАЭО елдеріне экспорттауы жеңілдетеді», - дейді Е.Сағадиев.
Жалпы, оның айтуынша, бүгінгі таңда денсаулық сақтау саласында 80 мекеме қызмет етеді.
«Қазақстан Президенті бізге елдегі дәрі-дәрмектің 50 пайызының отандық өнім болуын қамтамсыз етуді жүктеді. Қазіргі таңда бұл көрсеткіш 30 пайызға жетті. Өткен жылы импорт 1,5 млрд долларды құрады», - дейді ол.
Министрдің айтуынша, біздің елімізде шетелдік немесе отандық дәрі-дәрмекті тіркеуден өткізу құны шамамен 4-5 мың доллар тұрады. Ал оны зерттеу жұмыстары 9 айға созылады. Содан кейін ғана рұқсат беріледі немесе тыйым салынады. «Ресеймен салыстырар болсақ, ол жақта аталмыш үдеріс 2 жылға созылады және құны 100 мың еуро тұрады», - деді ол.
«Біз отандық тауар өндірушілерді қолдаймыз және тиісінше Қазақстанға шетелдік инвесторларды да тарта береміз», - дейді ол.
Камила Амирова