• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
КО мен БЭК елдері ЕАЭО-ның ортақ энергетикалық нарығын құруды талқылады 23.09.2014

Еуразиялық экономикалық комиссияның Энергетика департаменті мамандары Еуразиялық экономикалық одақтың ортақ электрэнергетикалық нарығын (ЕАЭО ОЭН) құру тұжырымдамасының аяқталған жобасын талқылау мен өзге де тартысты мәселелерді шешу үшін тиісті ұйым өкілдері мен энергетикалық ведомство жетекшілерімен Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасында жұмыс кездесулерін өткізді.

«2014 жылдың 29 мамырында құрылған ЕАЭО туралы келісімнің «Энергетика» бөлімінің нормалары мен мазмұнын іске асыру мақсатында ЕЭК тараптарымен бірлесіп Одақтың ОЭН құру тұжырымдамасы жобасын дайындауда», - делінген хабарламада.

Аталмыш құжаттың негізінде алдағы уақытта ОЭН құру бағдарламасы дайындалып, 2018 жылдың шілдесіне дейін мүше мемлекеттер тарапынан бұл шара іске асырылатын болады.

 


Back to the list