• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Б.Сағынтаев ЕЭК кеңесінің отырысына қатысты 18.09.2014

Шараға қатысушылар Кедендік одақ пен БЭК құру қызметтері мен Еуразиялық экономикалық одақ құру аясындағы өзекті мәселелерді талқылады.

Кеңес отырысының күн тәртібіндегі басты мәселелерінің бірі биылғы жылдың 29 мамырында құрылған Еуразиялық экономикалық одақ туралы келісімге сай құрылып жатқан Еуразиялық экономикалық одақ органдарының тиімді қызметтерін қалыптастыруға бағытталған мәселелер болды.

Атап айтар болсақ, Кеңес органдарының актілері мен халықаралық келіссөздерді мемлекеттік тілдерге аудару, оны жариялау тәртібі секілді мәселелер бойынша жалпы қағидалар дайындалды. Сонымен қатар Еуразиялық экономикалық одақ Сотының жаңа құрылымын құру келіссөздеріне қол жеткізілді.

Кеңес отырысы барысында Қырғыз Республикасының Біріңғай экономикалық кеңістікке енуінің жол картасын дайындау жұмыстары да талқыланды.

Әлемдік нарықта Одаққа мүше мемлекеттердің фармацевтикалық кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыратын дәрі-дәрмек сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ететін ортақ дәрі-дәрмек нарығын құру мәселесі талқыланды.

Отырыс аясында 2014-2015 жылдарға арналған Кедендік одақтың техникалық регламенттерін дайындау жоспары бекітіліп, Кедендік одақ аясындағы өзара сауда жасасу кезіндегі озонды бұзатын заттарды тасымалдау туралы Келісім жобасы мақұлданды.

«Біз бүгін маңызды мәселелер бойынша өзара ортақ шешімге келдік», - деді Б.Сағынтаев. 


Back to the list