12.09.2014
«Қос тарап парламентшілері шекаралық, кедендік, көші-қон мәселелерін тілге тиек ете отырып, барлық басым салаларда ұлттық заңнамаларды үндестіру мәселелерін талқыға салды», - деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.
Осы ретте Мәжіліс вице-спикері, Комиссияның тең төрағасы Сергей Дьяченко Қырғызстанның қосылуымен Кедендік Одақ шекарасын кеңейту, жалпы алғанда еуразиялық интеграцияны дамытуға, ал жекелей айтқанда, Қырғызстан экономикасын көтеруге оң ықпалын тигізеді деген пікірін жеткізді.
Қазақстандық-қырғызстандық парламентаралық өзара іс-қимыл өрісін кеңейту жолында Парламентаралық кеңестің құрылуы жұмыстың басталуына серпін берді.
«Біздің еліміз басшыларының бастамаларын орындау мақсатында біздің қарым-қатынастың жаңа белесіне шығуға - ынтымақтастық жөніндегі парламентаралық кеңес құруға дайынбыз. Біздің Комиссияның Парламентаралық кеңес ретінде құрылуы сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және басқа да салалар бойынша келісімдерді орындауға жол ашатын, шешімдерді қабылдау үшін екі ел парламенттерінің өзара іс-қимыл тиімділігін арттырады»,-деп атап өтті С. Дьяченко.