05.09.2014
«1 қыркүйекте ЕЭК алқасының отырысында «Зияткерлік меншік нысандары құқығын қорғау әрекеттерін үйлестіру туралы келісім жобасы туралы» Еуразиялық Экономикалық комиссия кеңесінің шешімі жобасы мақұлданды. Құжат 2010 жылдың 9 желтоқсанындағы зияткерлік меншік құқығын қорғау мен сақтау саласында бірыңғай реттеу қағидалары туралы Келісімді іске асыру мақсатында дайындалған. Келісім жобасы мемлекетішілік келісім нәтижесі бойынша тараптар арқылы мақұлданды», - деп хабарлайды ЕЭК ресми порталы.
Құжат Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің ынтымақтастығын дамыту мен зияткерлік меншік нысандары құқығының бұзылуының алдын алу, анықтау, жолын кесу мен оны іздестіруді және аталмыш саладағы құзіретті органдардың қыметін жетілдіруді: одақтың кедендік аумағында зияткерлік меншік нысандары құқығын қорғау саласындағы мүше мемлекеттердің заңнамасын жетілдіру мен сабақтастыру, ақпарат алмасу, соның ішінде одақтың кедендік шекарасына контрафактілік тауар айналымының алдын алуды қарастырады.