07.08.2014
«ЕАЭО туралы келісім ортақ нарықтың құрылуына, адамдар мен капиталдың, қызметтердің еркін айналымына әкеледі. Сондықтан да, ЕАЭО әлемдік экономикалық нарықта мықты ойыншы ретінде қалыптасуы керек», - деді А. Дауылбаев.
«Жасыратыны жоқ, жағымды жайттар мен қатар қылмыстық істердің көбейетініне де дайын болуымыз керек. Қылмыстық құрылымдар кедергілердің болмауын өз пайдаларына асыру жолында мүмкіндікті жібермеуге тырысады», - деп ол толықтырды.
Сарапшылар болжамы бойынша, көлеңкелі экономика, заңсыз есірті тауарларының айналымы тек қана өседі.
«Осындай жағдайда қауіпті барынша төмендету мақсатында барлық шараларды қабыладуымыз керек», - деп атап өтті Бас прокурор.
Мадина Нұрбекова