07.08.2014
Ү.ж. 6 тамызда Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың Қазақстан Республикасына сапары басталды. Сапар еліміздің жетекші өнеркәсіп орталықтарының бірі – Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қаласында өтеді.
Сапар шеңберінде ҚР мен РФ сыртқы саяси мекемелерінің басшылары Ерлан Ыдырысов пен Сергей Лавровтың келіссөздері өтті, олардың барысында саяси, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық салалардағы қазақстандық-ресей ынтымақтастығының мәселелері, халықаралық институттар мен интеграциялық бірліктер аясындағы ықпалдастық және халықаралық күнтізбенің өзекті мәселелері талқыланды.
Сұхбаттасушылар Орталық Азия, Украина және Таяу Шығыстағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етудің түрлі аспектілерін талқылады.
Сұхбат барысында Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық және шекара аралық ынтымақтастық шеңберіндегі ықпалдастықты нығайту бойынша практикалық қадамдарды талқылауына, өнеркәсіптік, жанармай-энергетикалық, атом және ғарыш саласындағы ықпалдастыққа, 2013-2015 жылдарға Бірлескен іс-шаралар жоспарының орындалуын қадағалауға ерекше назар аударылды.
Алдағы күзде Астраханьда өтетін Каспий маңы мемлекеттерінің 4-ші саммиті аясында Каспий мәселесіне, және Атырауда екі ел басшыларының қатысуымен өтетін 11-ші Қазақстан және Ресей Өңіраралық ынтымақтастық форумының тақырыбы есесінде мұнай-газ саласында шекаралық байланыстарды одан әрі кеңейту мәселелеріне екпін қойылды.
Сонымен қатар, тараптар ТМД және ҰҚКҰ шеңберіндегі ықпалдастық мәселелерін қарастырып, БҰҰ, ЕҚКҰ, ШЫҰ және АӨСШК секілді халықаралық ұйымдар шеңберінде қадамдарын үйлестіруге келісті.