17.07.2014
«Қазақстан Республикасы Астанадағы ЕХРО-2017 инвестициялық тартымдылығын арттыру үшін және ұйымдастыру жоғары деңгейде өтуі үшін жаңа бастама көтеріп отыр. Біздің бұл бастамамызды Комиссия кеңесіде қолдап отыр. Дәлірек айтатын болсақ, біз ЕХРО-2017 қажет құрал-жабдықтар, құрылыс материалдары кедендік баж салығынан босатылып, кедендік тіркеуде жеңілдетілген үлгіде жасалсын деп ұсыныс тастадық. Бұл игі бастаманы біздің әріптестерімізде қолдап отыр», - деді ол.
Еуразиялық экономикалық комиссиясы Кеңесінің күн тәртібінде Кедендік одақты, Бірыңғай экономикалық кеңістікті және құрылып жатқан Еуразиялық экономикалық одақты одан ары дамыту мәселелері қаралды, деп ҚР СІМ хабарлады.
Жалпы, Астанада 29 мамырда қол қойылған Еуразилық экономикалық одақ туралы келісімді дер кезінде жүзеге асыру үшін қажетті актілерді жасақтау бойынша жоспар құрылды.
Сонымен қатар, келелі кеңеске қатысушылар халықаралық жүк тасымалы туралы кедендік конвенцияда көрсетілген ХЖТ кітапшасын беру мәселесінде талқылады.
Б.Сағынтаевтың айтуынша, бизнестің дәл осы категориясы үшін Брянск пен Воронежск облыстарында кедендік бекеттерді ашу туралы келісім жасалды.