15.07.2014
Семинар барысында салық салу жүйесінің проблемалары, олардың ашықтығы мен заңнаманы сақтау талаптарын үйлестіру және жеңілдету, сонымен қатар бюджет табыстылығымен тікелей байланысты емес жаңа салықтардың қажеттілік мәселелері талқыланды, деп ЕЭК-дан хабарлады.
Сондай-ақ, жиналыста Еуропа мен Еуразия арасындағы байланыс және экономикалық интеграцияның салық аспектілері, салықтық реформаларды жүргізу мәселелері қаралды. Бұдан басқа акцизделетін тауарлардық заңсыз саудасымен күрес мәселесі де назардан тыс қалмады.
«Жалпы кездесу барысында көптеген мәселелер бойынша өзара түсіністікке қол жеткізілді және Астана мен Мәскеу қалаларында аталмыш саладағы маңызды тақырыптар бойынша семинар өткізілетін болып келісілді», - делінген хабарламада.