10.07.2014
ҚР ҰКП ресми порталының хабарлауынша, отырыс барысында Еуразиялық экономикалық кеңес туралы Келісімге сай актілерді дайындау жоспарын бекіту мен арнайы кедендік процедура мен кедендік процедураның тасымалдау шарттары бекітілуі мүмкін тауарлар санатының тізіміне өзгерістер енгізу туралы мәселені талқылау жоспарланған.
Сарапшылар 2009 жылдың 27 қарашасындағы Кедендік одақтың Кедендік кодексі туралы Келісімге түзетулер енгізілген Хаттамасы мен Кедендік одақтың келісімдік-құқықтық базасын құрайтын кейбір халықаралық келісімшарттың әрекетін тоқтатуды қарайды.
Сонымен қатар делегаттар Кедендік одақтың сыртқыэкономикалық қызметінің біріңғай тауарлы номенклатурасы мен Тәуелсіз мемлекеттер достастығының сыртқыэкономикалық қызметінің тауарлы номенклатурасына енгізілген өзгерістерге сай мұнай өнімдерінің жекелеген түрлеріне қатысты Кедендік одақтың Біріңғай кедендік тарифы өзгерістерін талқылайды.
Отырысқа ЕЭК Кеңесінің мүшелері Белорусь Республикасы Премьер-Министрінің ЕАЭҚ, КО, БЭК аясындағы сыртқыэкономикалық қызметтер мәселесі бойынша орынбасары Сергей Румас, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев, Ресей Федерациясы Үкіметі төрағасының бірінші орынбасары Игорь Шувалов, ЕЭК Алқасның төрағасы Виктор Христенко, ЕЭК Алқасы мүшелері мен ҚР ҰКП өкілдері қатысады.