• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
ЕАЭО-ны ресейліктердің 70 пайызы қолдайды 03.07.2014

Қоғамдық пікірді оқытудың жалпыресейлік орталығы ресейліктердің  ЕАЭО  құрылуына білдіретін көзқараспен бөлісті.

«Еуразиялық экономикалық одақты  ресейліктер көпшілігі қолдайды: Қазақстан, Ресей, Беларусь үш ел бірігіп Еуразиялық экономикалық одақ құруын ресейліктердің 70 пайызы қолдайды. ЕАЭО-ны құру туралы келісімге астана қаласында 29 мамыр күні қол қойылды. Ол күшке 2015 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап енеді. Оны құру идеясын Н. Назарбаев жиырма жыл бұрын ұсынған болатын. Қазіргі таңда сұрастырылғандардың 4 пайызы ғана қарсылық білдіріп отыр. Ал ресейліктердің 25 пайызы  ЕАЭО-ға деген пікірлерін таңдай алмай дал болды», - делінген хабарлады.

Еуразиялық одақты ресейліктердің 41 пайызы өз жұмыс пішіні бар жеке ұйым ретінде көргісі келеді. Бұл пікірді жоғары білімді респонденттердің 46 пайызы қолдаса, бастапқы білім деңгейіндегілердің  19 пайызы құрады. Әрбір төртінші адам кеңес КСРО сияқты болуын қалады. Тағы 10 пайыз адам ЕАЭО еуроодақтың еуразиялық көшірмесі деп білді.

Жалпыресейлік сұраныс 2014 жылдың 14-15 шілдесі өткізілді. 42 облыс 130 аудан бойынша  1600 адам сұралды. 


Back to the list