• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Алдағы уақытта Қазақстан ЕАЭО-ның толықтай инвестициялық орталығына айналуы мүмкін – Н.Назарбаев 02.07.2014

«Бүгінде әлемде инвестициялық ашаршылықтың болып жатқаны анық. Елдегі іскерлік климаттың қазіргі қуатты күйін сақтап тұруы үшін барлық жағдайды жасаймыз. Мамыр айындағы менің Қытай Халық Республикасына жасаған мемлекеттік сапарымның қорытындысы бойынша біздің экономика тағы 10 млрд доллар инвестиция алатын болды. Оған жаңа химиялық, мұнай-газ, электроэнергетикалық және өндіруші салаларда Тараз, Шымкент, Маңғыстау, Ақтөбе, Алматы, Қостанай, Қарағанды облыстарында бастамалар қолға алынады. Оған барлық әкімдіктер мен ведомствалар жұмылдырылады», - деді Елбасы.  

Оның айтуынша,Қазақстан инвестициялық қуатты мемлекетке айналуына бар мүмкіндікті жасап алды.

«Біз Қазақстан ивестициялар саласында белді ойыншыға айналуы үшін қолымыздан келгеннің барлығын жасап жатырмыз. Бүгінгі күні қалыптасып отырған жағдайдың өзінде біз әлемдік бизнеске айтарлықтай тиімді ұсыныс жасап отырмыз. Ол туралы мен Бурабайда Шетел инвесторларымен кеңес барысында баяндаған болатынмын. Олар: біздің тиімді геоэкономикалық орналасуымыз, саяси тұрақтылық, экономикалық өсім, дамыған инфрақұрылым, елдің нақты стратегиялық көзқарасының болуы және инвесторларға берілетін жеңілдіктер», - деді Н.Назарбаев. 

«Болашақта Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақтың инвестициялық орталығына айналуы әбден мүмкін. Бұл біздің алдымызда тұрған маңызды міндеттердің бірі», - деп түйіндеді Елбасы

 

 


Back to the list