• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
ЕАЭО экономикаға негізделген – Б.Жүнісов 01.07.2014

«ЕАЭО-ның кәсіпкерліктерге берері мол. Атап айтар болсақ, ол жұмыс күшінің еркін алмасуы, мемлекеттік сатып алу нарығына деген қолжетімділік, бәсекелестіктің теңдей шарттары, бірыңғай нарықтың құрылуымен инвестициялық шығындардың қысқаруы, ЕАЭО ішіндегі кедендік баж салығының жоқтығы, техникалық реттеудің ортақ жүйесі, темір жол жүйе тасымалының біркелкіленген тарифы», - дейді декан.

Оның айтуынша, еуразиялық интеграцияда қазақстандық экономиканың дамуына үлкен алғышарттар қалыптасуда.

«Біздің мемлекетіміз бірлестіктен ешқандай да зиян көрмек емес. Керісінше экономикалық тұрғыда бірқатар артышылықтарға қол жеткізеді. Біздің ЕЭАО-ға енуімізден келетін пайданы дер кезінде түсіне білуіміз керек. Бұл дегеніңіз шығарылатын өнімнің сапасына қойылатын жоғары талаптар, импорттық және жергілікті өнім бағасының төмендеуі, жаңа жұмыс орындарының ашылуы,  сонымен қатар білім алу мен жұмысқа орналасудағы уақыт шығынының азаюы», - дейді.

Бауыржан Жүнісовтің айтуынша, Қазақстанның алдыңғы қатарлы 30-дыққа енуі үшін халықтың барынша білімді және дені сау болуы маңызды. Сонымен қатар, әлеуметтік қамсыздандыру жүйесінің сенімді болып, ыңғайлы еңбек нарығы шарттарының қалыптасуындағы мүмкіндіктердің артуы керек.

«Осы тұрғыда Қазақстанның Еуразиялық экономикалық одаққа қатысуы біздің мемлекетіміздің мүддесін өз деңгейінде қорғап шықпақ. Яғни, қазақстандық өндірушілердің халықаралық нарыққа шығуына жол ашып, жаңа жұмыс орындарын ашып, отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттырады», - дейді Жүнісов.


Back to the list