27.06.2014
Кедендік одақ пен Бірыңғай экономикалық кеңістік елдеріне қатысушы мемлекеттердің халықты жұмыспен қамту қызметтерінде есепте тұрған жұмыссыздар саны 2014 жылдың мамыр айы соңында 988 мың адамды құрап, 2013 жылдың осындай уақытымен салыстырғанда 10,3%-ға азайды, деп хабарлайды ЕЭК ресми сайты.
Беларусь пен Қазақстанда тіркелген жұмыссыздар саны 8,7%, Ресейде 10,4%-ға төмендеді.
КО пен БЭК елдеріндегі жалпы тіркелген жұмыссыздардың деңгейі 2014 жылдың мамырында 1,1%-ды құрады.