19.06.2014
«Еуразиялық экономикалық одақ бизнеске жаңа мүмкіндіктер ашады. Өйткені кедендік кедергілерді алып тастау арқылы еркін тауар айналымына жол ашылады. Соның нәтижесінде отандық өнімдердің Ресей, Беларусь нарығында үлес салмағы артады. Экономикалық одақ шеңберінде интеграциялық үдеріс одан әрі тереңдей түседі. Кедендік одақтың техникалық ережесіне сәйкес, рұқсат құжаттарын алу тәртібі де біраз жеңілдеді. Бұл — бизнес саласындағылар үшін өте тиімді шара», - деді Т. Шотанов.
Оный айтуынша, сауда-саттық нарығын кеңейтпей, экономиканы өркендету мүмкін емес. Мұндай мүмкіндіктің арқасында елімізде, облысымызда болашақта бәсекеге қабілетті өндіріс орындарының көптеп ашылып, жұмыс жасайтынына күмән жоқ. Өйткені мамандардың болжамынша, келер жылы үш ел арасындағы тауар айналымы 30-40 пайызға артатын болады. Оның ішінде еліміздің үлесі 15 пайызға көбейеді деген жорамал бар.
«Еуроодақ шеңберінде бизнес саласын қаржыландыру, қолдау күшейеді. Сондықтан шаруалар бүгіннен бастап тауар мөлшерін көбейтуге, кәсібін кеңейтуге күш салуы керек», - дедіә ол.