16.06.2014
«Айта кету керек, Қызылорда облысы – елдің күріш шаруашалығының күре тамыры іспетті. Мұнда Қазақстанда тұтынатын күріштің 90 пайызы өндіріледі. Кедендік одақ құрылғалы бері тек Ресейдің өзіне ғана 73 мың тонна күріш тасымалданған», - дейді облыс әкімі.
Шығарылатын өнім сапасы да үлкен маңызға ие.
«Жаңа технологияларды енгізу жұмыстары басталып, Жалпыресейлік ҰЗИ-мен бірлескен күріштің жаңа сұрыбын шығару қолға алынды. Бұл ЕАЭО кеңістігінде аталмыш өнім сұранысын арттыруға мүмкіндік береді», - дейді ол.