16.06.2014
«Қазақстан тәуелсіздігін жариялаған 20 жыл ішіндегі жетістіктерін саралап көрсек, біз ашық саясат арқасында жоғары нәтижелерге қол жеткіздік», - деді облыс әкімі.
Еуразиялық экономикалық одақ құрылуына байланысты әр мемлекет және оның жеке аймақтары бәсекеге қабілетті болуы үшін өнеркәсіп және саудасын дамытуы тиіс, деп облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
«ЕЭО құру жөнінде құжатқа қол қою арқасында жастардың академиялық мобилдігі шынайы мүмкіндікке айналады. Енді жастар одақ мүшелерінің жоғары оқу орындарында кедергісіз оқи алады. ЕЭО сапалы білім және кәсіби дағдыларға қол жеткізу және жұмысқа орналасу сияқты артықшылық береді», - деді аймақ басшысы.
«Еуразиялық одақтың тарихи маңызы мен перспективалары» тақырыбында ЕЭО институтының директоры В.Лепехин баяндама жасады. ҚР Президенті Н.Назарбаевтың одақты құрудағы ролін атап өтті.