• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
ЕАЭО инвесторлар үшін жаңа мүмкіндіктер береді – Куртис Мастерс 13.06.2014

«Менің есептеуімше,  29 мамырда ЕАЭО туралы келісімге қою инвесторлар алдында жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Себебі, олардың алдында 170 млн. халқы бар нарық ашылды», -  деді сөз басында Куртис Мастерс.

Baker & McKenzie  компаниясының Алматыдағы филиалы директоры атап өткендей, алпауыт компанияның дәл Қазақстанда өзінің бөлімшесінің ашу себебі мұнда салық жүйесі ЕАЭО мүше мемлекеттермен салыстырғанда айтарлықтай тиімді. Оның үстіне, мемлекеттің  географиялық орналасуы, яғни Еуропа мен Азияны байланыстыруының беретін басымдықтары да бар.

Естеріңізге сала кетейік,  Baker & McKenzie компаниясының негізін 1949 жылы  Чикаго қаласында Рассел Бейкер мен Джон МакКензи есімді заңгерлер қалаған.

Бүгінде компанияның әлемнің 46 мемлекетінде орналасқан 73 филиалында 4 мыңнан астам заңгер жұмыс істейді. Оның үстіне, заңгерлердің 80% АҚШ-та емес. 2010 жылы компанияның айналымы2,1 млрд. долл. құралды.  


Back to the list