• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
ЕАЭО– өңірлік бірлесу  үрдісінің   көрінісі – А.Башмаков 13.06.2014

«Әлемде 50-ден астам ірі өңірлік интеграциялар жұмыс істеуде қазіргі таңда. Менің пікірімше, Астанада 29 мамыр күні құрылған Еуразиялық экономикалық одақ өңірлік интеграцияның бір көрінісі болып табылады. Жалпы одақ атаулы 3 себеп бойынша құрылатыны анық. ЕАЭО-ның құрылуында тек қана экономикалық себептер жатыр», - дейді ол.

А.Башмаков ЕАЭО құрылуындағы басты ерекшелік пен оның өзге де қасиеттерін атап өтті.

«ЕАЭО-ның басты ерекшелігі елдердің рухани және тарихи құндылықтарына негізделуі керек. Еуразиялық кеңістікте біздің құндылықтарымыз алшақ емес. Халықтардың еркін араласуы басты артықшылығымыз болуы керек. Экономикалық тұрғыда белгілі бір деңгейде жетістікке жету үшін халықтар арасындағы бауырмалдықтың артуы маңызды. Бүгінгі заман талабы осы», - дейді төраға орынбасары.

Сонымен қатар, оның айтуынша, одаққа мүше ешбір мемлекет өзінің егемендігі мен саяси  бостандығын айырылмақ емес.

«Осы одаққа енген ешбір мемлекет саяси және мемлекеттік тәуелсіздігінен айырылмақ емес», - дейді. 

Индира Кауметова 


Back to the list